Select Page

22 қазан күні М.Тынышбаев атындағы ALT университетте «Ток жүретін бөліктерге дейінгі рұқсат етілетін қашықтықтар» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желінің Алматы бөлімшесі» филиалының Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Жансеитов Талғат Кенжебекұлы жүргізді.

Талғат Кенжебекұлы студенттерге ток жүретін бөліктерге жақын жерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен нормалары, рұқсат етілетін қашықтықтар, электрқондырғыларды пайдалану ережелері және персоналды қорғау шаралары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Лектор теміржол көлігіндегі электр қауіпсіздігін қамтамасыз етудің практикалық аспектілеріне, сондай-ақ техникалық жұмыстарды орындау барысында нұсқаулықтар мен регламенттерді қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Студенттер электр техникалық жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу қағидалары бойынша құнды білім алды. Бұл теміржол электрлендіру және энергетика саласындағы білікті мамандарды даярлау ісінде маңызды рөл атқарады.

М.Тынышбаев атындағы ALT университеттің Мансапты дамыту офисі Талғат Кенжебекұлы Жансеитовқа мазмұнды дәрісі және студенттердің өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Skip to content
Приемная комиссия