Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) ұйымдастыруымен 2025 жылдың 17–27 қарашасы аралығында студенттер мен оқытушыларға арналған «Толық адам: ХХІ ғасырдағы білім және тұлғалық даму» атты ауқымды іс-шара өткізілді.
Бұл шара TED-style форматында өтіп, сахнада қатысушылар өздерінің жеке идеялары, өмірлік тәжірибелері, мотивациялық ойлары мен шабыттандыратын әңгімелерімен бөлісті.
«Толық Адам: XXI ғасырдағы білім беру және жеке даму» жобасының негізгі мақсаты – заманауи тұлғаның жан-жақты дамуын қолдау, жүрек, ақыл және қайрат үйлесімін қалыптастыруға бағытталған білім беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
ALT университетінің белсенді студенттері: Адилхан Арлан – КГ-24-6к, Асанязұлы Расул – ИС-25-2к және Кеңесбаева Айым – ИС-25-1к сахнада «Болашақ келмейді — оны біз жасаймыз» атты тақырыппен іс-шараның мәні мен маңызын аша түсетін мазмұнды және ойлы баяндама дайындап, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Ғылыми жетекшілері п.ғ.к. Смаилова Феруза Ибрагимовна және сениор-лектор Мадениет Нургуль.
Студенттердің жұмыстары мазмұндылығы, өзектілігі және шығармашылығы жағынан жоғары бағаланды.
Іс-шара соңында қатысушыларға белсенділік танытып, мазмұнды ойларымен бөліскені үшін арнайы сертификаттар табысталды.
«Толық адам» концепциясын негізге ала отырып ұйымдастырылған бұл іс-шара студенттердің тұлғалық дамуына, көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға зор үлес қосты.


