Біздің университет қабырғаларында онлайн форматта ТОО «AZURITE RAILWAY SOLUTIONS» (АЗУРИТ РЭЙЛУЭЙ СОЛЮШНС) компаниясының қызметкерлеріне арналған ауқымды біліктілікті арттыру бағдарламасы табысты аяқталды. Барлығы 174 маман теміржол саласының негізгі бағыттары бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.
Бағдарлама келесі курстарды қамтыды:
- «Поезд қозғалысының қауіпсіздігі және локомотивтердің техникалық пайдалануы: локомотив бригадасының міндеттері, тежеу жүйелері, жабдықтарды пайдалану және штаттан тыс жағдайларда жұмыс істеу ережелері»
- «Теміржол станциясында маневрлік жұмысты ұйымдастыру»
- «Жол монтерлеріне арналған теміржолдардың жалпы курсы»
- «Поезддар мен вагондарды коммерциялық қарап-тексеру талаптары»
Онлайн оқыту тәжірибелі оқытушылар мен салалық мамандардың жетекшілігімен өтті. Қатысушылар теміржол көлігінде қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуге қажетті өзекті білім мен практикалық дағдылар алды.
Біздің университет теміржол саласы мамандарын дайындау және дамыту үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыруды жалғастырады.


