Select Page

“Тілдік дайындық” кафедрасының меңгерушісі Смаилова Ф.И., “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі” кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы Ляпбаева Н.И. және қауымдастырылған профессор, доцент Шамшиева Г.С. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы инновациялық жобалар мен ғылыми жетістіктер көрмесін тамашалады, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2023 жылдың 14 сәуірінде өткен Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының Бас ассамблеясының VI отырысына қатысты.

Отырыс барысында Түркия, Қырғызстан, Моңғолия, Башқұртстан, Татарстан және Әзірбайжан ғылым академияларының өкілдері түркі әлеміндегі ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, UNASTW қызметін белсендіру құралдарын талқылады.

Приемная комиссия