Select Page

2026 жылдың 21 сәуірінде «ӘГП және ДТ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Сабира Иманбаеваның ұйымдастыруымен 1-курс студенттері мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың мұражайына барды. Тұрақты дамудың 4-бағыты — «Сапалы білім беру» аясында өткен бұл шара жастардың тарихи санасын жаңғыртуға бағытталды.

Экскурсия барысында студенттер келесі маңызды деректерге қанықты:

  • Инженерлік мектеп сабақтастығы: Студенттер алғашқы қазақ теміржолшы-инженері Мұхамеджан Тынышбаев пен тау-кен инженері Дінмұхамед Қонаевтың ел экономикасын көтерудегі ортақ мақсаттары мен өзара құрметі туралы білді.

  • Адами құндылықтар: Дінмұхамед Ахметұлы мен оның жұбайы Зухра Шәріпқызының арасындағы сыйластық пен зиялылық үлгісі жастарға ерекше әсер етті.

Мұндай тағылымдық шаралар «Қазақстан тарихы» мен «Мәдениеттану» пәндері бойынша алынған теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, студенттерге үлкен мотивация береді.

Skip to content
Приемная комиссия