Select Page

2026 жылғы 11 сәуірде эдвайзер-кураторлар Оразалы Аңсар мен Жазылбек Айнұр Көлік және құрылыс институтының студенттерімен бірге Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Золушка» операсын тамашалады.

Аталған іс-шара білім алушылардың мәдени және эстетикалық тәрбиесін дамыту, рухани құндылықтарын қалыптастыру және олардың дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Опералық қойылымды тамашалау студенттердің мәдени мұраға қызығушылығын арттырып, көркемдік талғамын дамытуға және өнерге деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Іс-шара ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» аясында жүзеге асырылды, бұл мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған.

Skip to content
Приемная комиссия