2025 жылғы 18 сәуірде Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында ЦЛ-22-2 оқу тобында Бейбітшілік мүддесіндегі көпжақтылық дипломатиясының халықаралық күніне арналған пікірсайыс өтті.
Дебат тақырыбы: «Қарусыздандырусыз бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін бе?» деген сұрақ болды.
Студенттер жыныстық құрамды ескере отырып, екі командаға бөлінді. Әр команда ұсынылған тақырыпты қолдап немесе қарсы пікірін дәлелдеп, өз ұстанымдарын негіздеп көрсетті.
Іс-шара сыни ойлау, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және халықаралық саясат пен тұрақты даму мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.