Select Page

Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында «Сапалы білім» төртінші индикаторы  бойынша 24 сәуірде университетіміздің оқытушыларына арналған «EBS IPR SMART: оқу үдерісін ұйымдастыруға, пәндердің жұмыс бағдарламаларын жаңартуға және ғылыми-метрикалық көрсеткіштерді жақсартуға арналған цифрлық платформа» тренинг вебинар өтті.

Білім сапасы білім берудің мақсаты мен стратегиясымен тығыз байланысты. Ал ең бастысы, сапалы білімнің кепілі – оқытушының  кәсіби шеберлігі.

Біз не аламыз?

  1. Білім беру бағдарламалары мен ПЖБ бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру.
  2. DataLIB жобасы аясында басылымдарды шығару және ғылыми мектепті насихаттау арқылы оқутушылардың рейтингін көтеру.
  3. Қазіргі лицензияланған әдебиеттерді пайдалану арқылы студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру.
  4. Цифрлық дағдылар мен құзыреттерді дамыту.
  5. Оқытушылар мен студенттерге жетекші ғылыми мектептердің заманауи әдебиеттерін тегін пайдалану мүмкіндігі арқылы университеттегі білімнің құндылығынарттыру.

Толық бейне: https://vkvideo.ru/video-40448015_456239974?list=ln-hjSjNuxJ5lsY56BGWh

Skip to content
Приемная комиссия