2025 жылдың 27 наурызда ALT университетінде «Білім мен ғылым – тұрақты даму жолында: Білім, ғылыми зерттеулер мен технологиялық дамудың Тұрақты Даму Мақсаттарына (ЦУР) әсері және университеттердің тұрақтылықты ілгерілетудегі рөлі» атты воркшоп өтті.
Шараны Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Байпакбаева Салтанат Түркістанқызы жүргізді.
Воркшоп барысында білім мен ғылымның БҰҰ белгілеген Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі рөлі талқыланды. Салтанат Түркестанқызы өз баяндамасында университеттердің халықаралық деңгейдегі бастамалары мен жетістіктерін ерекше атап өтті. Қатысушылар ғылыми зерттеулер мен технологиялық жаңалықтардың қоғамға, экономика мен қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастырды.
Сонымен қатар, білім беру жүйесінің адам капиталы мен инновациялық әлеуетті қалыптастырудағы стратегиялық маңызы жайлы айтылды. Воркшопта нақты мысалдар мен деректер келтіріліп, қатысушылар арасында белсенді талқылау жүрді.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар білім мен ғылым саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, тұрақты дамуды насихаттау мен енгізуде университеттердің маңызды рөлін мойындап, осы бағыттағы бірлескен жобаларды дамыту бойынша ұсыныстар жасады.