Жеңіс құтты болсын! ALT Университетінің нағыз білімді жастары тағы да биіктен көрінді!
Астана қаласында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадада «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша 3-курс студенті Шахатов Артур Бекболатұлы топ жарып, жеңімпаз атанды.
Бұл табыстың артында үлкен дайындық пен білікті ұстаздың қажырлы еңбегі тұр. Студентімізге бағыт-бағдар беріп, жеңіске жетелеген ғылыми жетекші — PhD Бақыт Г.Б. Инженерлік саланың болашақ майталмандарын мақтан тұтамыз!
Бұл жетістік келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тікелей үлес қосады:
-
4.4-мақсат: Жастардың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
-
17-мақсат: Білім беру сапасын жақсарту мақсатындағы ЖОО мен министрліктер арасындағы әріптестікті нығайту.


