ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатарында аса көрнекті тұлға Мұхаметжан Тынышбаев болды. Ол –қазақтан шыққан тұңғыш инженер, әрі тарихшы. Ұлтжанды өз халқы үшін үлкен еңбек еткен тұлға. Осы асылдың ұрпағы техника.ғ.докторы, профессор Дәулет Шейх-Әли Тынышбаевтың бүгін дүниеден озғанына бір жыл толуына орай Қазақ Британ техникалық университетінде «М. Тынышбаев» қорының президенті Жүнісова Нұршакен апайдың ұйымдастыруымен дөңгелек стол өткізілді.
Аталмыш іс шара «Ұлағатты ұрпақ – Өнегелі ғалым -Ұстаз» деп аталатын дөңгелек стол өте әсерлі болды. Физика.математика ғылымдарының докторы профессор Салтанат Нұраділқызы баяндама жасап, т.ғ.д., профессор Дәулет Мұхамедженұлының осы Қазақ британ техникалық университетінде жұмыс жасаған кезеңде Ахметов Әділ ректор болып тұрған уақытта ол кісіге берілген марапаттар мен ғылым жолындағы жетістіктерін баяндады. Сонымен қатар т.ғ.д., профессор Дәулет Мұхамеджанұлымен ALT М.Тынышбаев атындағы академияның 90 жылдығында кездесіп, көптеген мағұлматтармен таныс болғандығын баяндады. Нұршакен апай т.ғ.докторы, профессор Дәулет Мұхамаджанұлы туралы ол кісінің қалай табылғандығын онымен кездесу барысында ағайындардың бастары бірігіп қарсы алғандығын көзіне жас ала отырып еске түсірді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жүгенбаева Гулбану Саламаддинқызы М.Тынышбаевтың өмір жолы қиын тағдырын баяндаса, Т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шамшиева Гаухар Сағындыққызы т.ғ.докторы, профессор Дәулет Мұхамеджанұлының АҚШ та Чикаго қаласында Аширбаев Ғалымжан Қожахатұлымен бірге басына барып құран бағыштап, Аделия Дәулетқызымен танысып және ұлы т.ғ.докторы, профессор Асқар Дәулетұлымен кездескендігі туралы мәлімет берді.Тастүлеков Бақытжан Сәбитұлы 1997 жылы Дәулет Мұхаметжанұлымен Қазақстанға алғашқы рет келгенде ол кісімен сол кездегі белгілі тұлғалармен қарсы алып, үлкен жиындар өткізгендігін әсерлі әңгімелеп берді.
Ашық пікір алмасу барысында ҚБТУ профессорларына сөз кезегі берілді:Исмаилов Абдуллахат Абдикаримович т.ғ.докторы, профессор Дәулет Мұхамеджанұлымен жұмыс жасау барысында ол кісінің мұнай саласының мықты маманы әрі ғалым екендігіне тоқталды. Ал Умаров Фарид Факреевич т.ғ.докторы, профессор Дәулет Мұхамеджанұлының Ташкент туралы сұрағандығын және ол кісінің ұлы Асқар Дәулетұлының кафедраны басқару барысындағы жетістіктеріне тоқталды. Коробкин Валерий Васильевич т.ғ.докторы, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы ол асылдың тұяғы қазақтан шыққан тұңғыш инженердің баласы, Мұхамеджан Тынышбаевтың Түрксіб темір жолын салудағы ерекше еңбегін бағалай отырып, 60 жылдары аталмыш тұлғаның еңбегімен таныныс болғаныдығын атап өтті. Дөңелек стол барысында М.Тынышбаев туралы «Ғасыр жобасы» фильмі көрсетілді. Кеш соңындаМ.Тынышбаев қорының жетекшісі Нұршакен апай Салтанат Нұрәділқызына «М.Тынышбаев» медалімен марапаттады.


