Select Page

2025 жылғы 4 маусым күні «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы мен Әскери істер институтының бірлесуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мен «Kazakh National Day» мерекесіне арналған бірлескен іс-шара ұйымдастырылды.

Шара оқу орнының плац аумағында өтіп, мерекелік концерттік бағдарламалармен басталды. Мемлекеттік рәміздерге арналған танымдық викторина өткізіліп, сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттер мен оқытушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, Kazakh National Day аясында ұлттық киімдер киіліп, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін көріністер қойылып, мерекелік ұлттық дастархан жайылды. Бұл шара жастарды елдік құндылықтарға баулып, ұлттық рух пен мәдени мұрамызды тереңінен сезінуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік рәміздер — Тәуелсіздігіміздің символы, ал ұлттық дәстүр — ұрпақтар сабақтастығының негізі. Осы екі құндылықтың тоғысында өткен мерекелік іс-шара ерекше мазмұнмен есте қалды.

Skip to content
Приемная комиссия