Select Page

10 желтоқсан күні университет қабырғасында «Домбыра Арт» студенттік клубының ұйымдастыруымен қазақ музыка өнерінің дара тұлғасы, күй әлемінің хас шебері Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» күй кеші жоғары деңгейде өтті.

Бұл рухани кеш — ұлы күйшінің бай мұрасын ұлықтап, ұлттық өнерге деген құрметті арттыруға бағытталған тағылымды шара болды. Кеш барысында күмбірлеген домбыраның қоңыр үні тыңдарманды терең тарих пен сырлы сезімге жетелеп, қазақ даласының кең тынысын, халықтың рухани болмысын айшықтай түсті.

Студенттердің орындауындағы күйлер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына деген шынайы тағзымның белгісіндей әсер қалдырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір күй — жүректен шығып, жүрекке жеткен рухани үн болды.

Осындай мәдени-рухани шаралар жастардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байлығын молайта түсетіні сөзсіз.

Skip to content
Приемная комиссия