Ақпараттық технологиялар мамандығының 2-курс студенттерімен бірге Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне танымдық-мәдени экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның басты мақсаты – білім алушыларды ұлттық мәдени мұрамен таныстыру, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және тарихи құндылықтарға деген құрметін арттыру болып табылады.
Экскурсия барысында студенттер музей қорында сақталған қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарымен танысты. Әрбір экспонаттың тарихи маңызы, шығу тегі мен қолданылу ерекшеліктері жөнінде толық мәлімет берілді. Сонымен қатар, музейде ұсынылған сирек кездесетін аспап түрлері студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап алып, өз білімдерін толықтырды. Аталған экскурсия білім алушылардың мәдени-рухани дамуына оң ықпал етіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі ретінде бағаланды.
Куратор-эдвайзер: Мұратбек Таңшолпан Даниярқызы


