ALT University-де «Отбасы банк» АҚ Бизнесті дамыту басқармасының жоба менеджері Ақболат Қайырұлы Рымтаевпен студенттердің кездесуі өтті.
Кездесу барысында қонақ «Ұлттық қор – балаларға: жастарға арналған мүмкіндіктер» тақырыбында дәріс оқып, мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары, қаражатты есептеу тетігі және оны кәмелетке толғаннан кейін пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Спикер жинақталған қаражатты пайдаланудың негізгі бағыттарына, атап айтқанда, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға ақы төлеуге ерекше назар аударды. Сондай-ақ ол есептелген қаражат туралы ақпаратты тексеру тәртібін түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу қатысушыларға бағдарлама туралы өзекті ақпарат алуға және оның жастарға маңызды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін ұсынатын мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге көмектесті. Осындай іс-шаралар студенттердің қаржылық сауаттылығын арттырып, болашағын саналы түрде жоспарлауына ықпал етеді.
ALT University Ақболат Қайырұлы Рымтаевқа және «Отбасы банк» АҚ өкілдеріне мазмұнды кездесу мен студенттерге ұсынылған пайдалы ақпарат үшін алғыс білдіреді.
Автор: Абдикаликова Л. Б.


