Select Page

ALT University-де Энергетика және цифрлық технологиялар институты 2026 жылғы 1 сәуірде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған мазмұнды іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары — ТДМ №2 «Аштықты жою», ТДМ №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және ТДМ №4 «Сапалы білім» аясында өткізілді.

Қатысушылар үшін ұлттық дастархан жайылып, қазақ халқының дәстүрлі тағамдары ұсынылды: қазы, қарта, құрт, жент, бауырсақ және шұбат. Табиғи әрі пайдалы өнімдер арқылы дұрыс тамақтану мәдениеті насихатталды.

Сонымен қатар, студенттер арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды:

  • асық ату
  • қол күрес
  • ләңгі тебу
  • жаңылтпаш айту
  • сұрақ-жауап сайысы

Іс-шара барысында күй тартылып, ұлттық рух пен мәдени атмосфера ерекше сезілді.

Бұл бастама студенттердің денсаулығын нығайтуға, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық мәдениетті сақтауға оң ықпал етті. Сонымен қатар, университетте тұрақты даму құндылықтарын ілгерілетуге өз үлесін қосты.

Skip to content
Приемная комиссия