Select Page

11 ақпан күні АКТ кафедрасы Qazaq National Day аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған жарқын іс-шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, дәстүр мен мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу. Студенттеріміз ұлттық өнерімізді паш етіп, домбырамен күй орындады, қазақтың халық әндерін шырқап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, ұлттық ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Қатысушылар арқан тартыс ойынында күш сынасып, ұйымшылдық пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Осындай іс-шаралар арқылы біз ұлттық мұрамызды ұлықтап, оны келер ұрпаққа аманат етеміз. Ұлттық рух – әрқашан біздің ең басты байлығымыз!

Skip to content
Приемная комиссия