«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары Модератор Л.Т.Құрманбаева, Б.С.Шугаева, П.М.Бейсеновалардың ұйымдастыруы мен кафедра оқытушаларының қатысуымен 18.11.2025 күні «Ұлы Абай Құнанбаевтың 180-жылдығына» арналған іс-шара өткізілді.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы — ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор туралы студенттер арасында презентация мен баяндамалар, қара сөздеріне талдаулар жасалынып,викториналық сұрақтар қатар өлеңдері оқылды.Ұлы Абайдың ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткенін қазіргі жастарда басымдылықпен көрсетіп айтты. Осындай іс-шараларды өткізду арқылы тарихымыз мен мәдениетімізді дәріптей түсетініміз заңдылық.


