8 мамыр күні университет қабырғасында Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Тағылымы мол кештің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне тағзым етіп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын сіңіру болды.
Іс-шара барысында ALT университеті Басқарма Төрағасы – Ректор құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі, ел игілігі жолындағы адал еңбегі, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқаны және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі өнегелі ісі үшін бірқатар университет қызметкерлерін арнайы марапаттады.
Мерекелік кештің көркін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының өнерпаздары келтіріп, әсерлі әндер мен патриоттық қойылымдар арқылы көрермендерге ерекше рух сыйлады.
Ұлы Жеңіс – ел тарихындағы мәңгілік ерлік пен батырлықтың символы. Батырлар рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.


