Select Page

2026 жылғы 1 сәуірде ТДМ 4 «Сапалы білім беру» мақсатын іске асыру шеңберінде университеттің ІІМ студенттері «Әскери тарих» пәні бойынша «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында көшпелі оқу сабағына қатысты.

Іс-шара Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орайластырылып, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі базасында өтті. Сабақ барысында студенттер Қазақстанның Жеңіске қосқан тарихи үлесі, атап айтқанда, майданға аттанған 1,5 миллион отандасымыз бен Кеңес Одағының Батыры атанған 500-ден астам қазақстандықтың ерлігі туралы білімдерін тереңдетті.

Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов секілді аңыз тұлғалар мен 28 панфиловшы-батырлардың есімдері жастар үшін шынайы патриотизмнің символы ретінде дәріптелді. Бұл сабақ тарихи жадыны жаңғыртып, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болды.

Skip to content
Приемная комиссия