Select Page

ЦУР №17 – «Мақсаттар жолындағы серіктестік» аясында «Имсталькон» АҚ қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – «Университет пен компания байланысы: болашаққа қадам».

Іс-шараның басты мақсаты – білім беру ұйымы мен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және болашақ мамандардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу.

Кездесу барысында университет пен компания арасындағы өзара байланыстың маңыздылығы, еңбек нарығының заманауи талаптары, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

«Имсталькон» АҚ өкілдері өндіріс саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, саладағы кәсіби мүмкіндіктер мен мамандарға қойылатын талаптар туралы ой қозғады. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтары бойынша пайдалы ақпарат алды.

Мұндай кездесулер – университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті дамытудың, білім мен өндірісті байланыстырудың және жастардың кәсіби болашағына жол ашудың маңызды қадамы.

Білім мен тәжірибе тоғысқан жерде – жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ бар!

Skip to content
Приемная комиссия