Select Page

2024 жылғы 2 қыркүйекте М. Тынышпаева атындағы ALT университетінде. Білім күніне арналған «STARTING FUTURE» салтанатты іс-шарасын өткізді! 

Университет Президенті – Ректоры Салтанат Нұраділқызы Амирғалиева, Алматы қаласының жастар саясатының жетекшісі Азиз Оралбекұлы бірінші курс студенттерін құттықтады. Сондай-ақ, бата мен қоштасу сөздерін Умаров Дуан Құмыранұлы мен Нұриддинұлы Балқия білдірді. 

Жастардың көтеріңкі көңіл-күйі спикерлерге көмектесті және қолдау көрсетті.  Іс-шарада дәстүрлі түрде жазғы кезеңде қабылдау комиссиясында жұмыс істеген белсенділерді алғыс хаттармен марапаттады. «Empire Dance Club», «Singer» Music Club, «Sheerleading club» секілді студенттік клубтар шығармашылық өнерлерін көрсетіп, студенттердің салауатты өмір салтын насихаттап, ой-өрісін арттыра түсті. Іс-шараның соңы Алма-матер әнұраны «ALT жастары» әнімен аяқталды !!!

Приемная комиссия