2025 жылдың 27 және 28 наурызында университетіміздің келесі студенттері:
- Ержұман Мәди, СПГС-23-3к тобының студенті.
- Женіс Мейір, СПГС-23-4к тобының студенті.
- Чамани Пардис, СПГС-23-2к тобының студенті.
«Инженерлік механика» пәні бойынша өткізілген «Болашаққа кемел біліммен» республикалық студенттік олимпиадасына белсенді қатысты.
Студенттер инженерлік механика саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының жоғары деңгейін көрсетіп, ұсынылған тапсырмаларды сәтті орындады. Мұндай беделді іс-шараға қатысу оларға өз білімдерін тексеріп қана қоймай, республиканың басқа да жоғары оқу орындарының болашақ әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Қатысушыларға мақсаткерліктері мен олимпиадада университетімізді лайықты көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз. Алған тәжірибелері олардың кәсіби қалыптасуының маңызды кезеңі болады деп сенеміз.