15 қыркүйекте біздің университетте «Теміржол магистральдарындағы сигнализация және байланыс мамандары» атты корпоративтік бағдарлама «ҚТЖ» ҰК» АҚ сигнализация және байланыс дистанцияларының басшылары үшін өз жұмысын бастады.
Қатысушыларға құттықтау сөзін «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» пайдалану жөніндегі атқарушы директоры А.С. Бүбіканов жолдап, кәсіби және басқарушылық құзыреттерді үздіксіз дамыту маңыздылығын атап өтті.
Университет ректоры М.С. Жармағамбетова оқу орнының миссиясы мен құндылықтарына тоқталып, бұл бағдарлама желілік басшылардың әлеуетін арттыруға және теміржол саласын дамытуда заманауи тәсілдерді енгізуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді.
Іс-шара соңында бағдарлама қатысушылары экологиялық «Таза Қазақстан» акциясына қосылып, университет аумағына ағаш отырғызды.
Корпоративтік бағдарлама біліктілікті арттыруға, басқарушылық дағдыларды дамытуға және мамандардың жеке тұлғалық өсуіне бағытталған. Олар теміржол магистралының сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.