Select Page

Дублёр күні аясында 660Р тобының студенті Нажмадин Томирис Әбдімұратқызы «Тілдік даярлық» департаментінің сениор-лекторы Н. Мадениеттің жетекшілігімен 661Р тобының студенттеріне сабақ өткізді.

Оқытушы рөлін атқарған Томирис грамматикалық тақырыпты студенттерге түсінікті түрде түсіндіріп, ауызша жаттығулар ұйымдастырды және қызықты грамматикалық ойындар өткізді. Сабақ достық әрі интерактивті атмосферада өтті. Студенттер оқу үдерісіне белсенді қатысып, алған білімдерін бекітті және ұсынылған тапсырмаларға үлкен қызығушылық танытты.

Дублёр күніне қатысу Томириске өзін оқытушы рөлінде сынап көруге, білімін, ұйымдастырушылық қабілетін және сабақты өткізуге деген шығармашылық көзқарасын көрсетуге тамаша мүмкіндік берді.

Автор: Досмағанбетова Н. Б.

Skip to content
Приемная комиссия