Select Page

2026 жылдың 13 қаңтарында Әскери істер институтында 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестрі басталды. Дәстүрлі түрде іс-шара Мемлекеттік туды көтерумен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Осы семестрде Әскери істер институтының студенттері университет компонентінің академиялық пәндерін, соның ішінде тактикалық және тактикалық-арнайы дайындықты, техникалық дайындықты, жауынгерлік көлік жүргізуді және басқаларын меңгереді. Айта кету керек, басқарушы құжаттардың жаңа талаптарына сәйкес Әскери істер институтының студенттері ұлттық мереке — Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери ант қабылдайды.

Skip to content
Приемная комиссия