16 қаңтар күні университетіміздің белсенді студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарға шолу жасалып, студенттік белсенділікті қолдау шаралары мен университет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде туындаған проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу өтті.
Студенттердің бастамалары мен идеялары тыңдалып, әрі қарайғы жоспарлар мен мақсаттар айқындалды. Бұл кездесу Студенттік белсенділікті арттыру және білім сапасын жақсарту бағытында маңызды қадам болып табылады.


