Select Page

2026 жылғы 21 қаңтарда «Language Education» кафедрасы Ұлттық күн аясында қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған «Қазақ халқының дәстүрлері — ғасырлар қазынасы» атты танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараға ұлттық киім киген оқытушылар мен студенттер қатысып, қонақжайлық дәстүрлері, шай ішу рәсімдері және ұлттық тағамдар таныстырылды. Сондай-ақ ата-баба мұрасына арналған викториналық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсатының жүзеге асырылуына үлес қосты.

Skip to content
Приемная комиссия