19 мамыр күні УС-ПИ-25-1к және УС-ПИ-25-2р топтарының студенттері қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалымы, ақыны, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының үй-музейіне танымдық экскурсия жасады. Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту болды. Экскурсия барысында студенттер Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолымен, ғылыми еңбектерімен, қазақ тіл білімі мен әдебиетіне қосқан зор үлесімен танысты. Сонымен қатар музейдегі тарихи жәдігерлерді, қолжазбаларды, кітаптарды және тұлғаның жеке қолданған заттарын көріп, қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы көптеген маңызды ақпарат алды. Студенттер музей атмосферасынан ерекше әсер алып, ұлт тарихындағы ірі тұлғалардың еңбегін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Осындай мәдени және танымдық іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін қалыптастырып, тарихи сана мен ұлттық рухты нығайтуға үлкен ықпал етеді.


