Select Page

«Логистика және көлік Академиясы» базасында 5-ші қазан күні ұстаздар күніне орай, Академиямыздағы барлық ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шарада ұлағатты ұстаздарымызды құтықтау сөзі Ардагерлер кеңесінің төраға Нуриддин Балқияұлы мен Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Михаил Кажимовичке берілді. Сонымен қатар ұстаздарымызға аудан әкімінен алғыс хат табысталып, тілектер мен құттықтаулар айтылды.Аталмыш іс-шараның  басты қонағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына қарасты Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фальклорлы-этографиялық «Отырар сазы» оркестрі келіп,қазақтың төл аспаптарымен түрлі көңіл-күй сыйлап, өз өнерлерін көрсетті. 

Кездесуге Академия ұстаздары мен студенттер қатысып, керемет концерттің куәсі болды.

Приемная комиссия