2026 жылғы 1 қазанда Алматыда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University базасында Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру бойынша VII Евразиялық форум өтті. Бұл ауқымды халықаралық іс-шара мемлекеттік органдардың, теміржол және көлік компанияларының, ғылыми қоғамдастықтың, бизнес пен технологиялық ұйымдардың өкілдерінің басын қосып, көлік инфрақұрылымын дамыту перспективаларын, цифрлық шешімдерді енгізуді және жаңа буын инженерлік кадрларын даярлауды талқылауға мүмкіндік берді.
Форум аясында ALT University қызметкерлерін Қазақстандық теміржол көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қызметіне белсене қатысқаны және кәсіби үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті. Университет өкілдеріне марапаттарды Қазақстандық теміржол көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Оразғали Төлепбекұлы Ахметбаев табыстады.
«Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
-
Иманғалиев Думан Мырзағалиұлы — Маркетинг жөніндегі басқарушы директор;
-
Тәшімбетова Ақдана Тұрсынханқызы — Жалпы инженерия департаментінің қауымдастырылған профессоры.
Кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
-
Тәженов Шыңғыс Орынбекұлы — Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
-
Алик Әсель — Логистика және бизнес департаментінің сениор-лекторы;
-
Найман Дәулетхан — Азаматтық құрылыс департаментінің сениор-лекторы;
-
Мусин Нұрлан Геннадьевич — Инженерия мектебі директорының орынбасары.
Алғыс хатпен атап өтілгендер:
-
Ахатай Ырысбек İсағалиұлы — Жастар саясаты офисінің басшысы;
-
Тасбұлатова Альфия Жүнісахунқызы — Офис-регистратордың бас маманы-сарапшысы;
-
Шекейбаева Алмагүл Нұрбосынқызы — Технологиялар мектебінің маманы;
-
Әбдіқалықова Лаура Бекенқызы — Мансапты дамыту офисінің жобалар жөніндегі бас маманы.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ALT University қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін Қазақстандық теміржол көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағына алғыс білдіреміз!
Автор: Алия Ерлан


