Select Page

«ALT университеті» АҚ «Көлік құрылысы» кафедрасы білім сапасы мен инновация бағытында үлкен қадам жасауда! Оқу орнының басшылығының бастамасымен әлемдік өлшеу технологияларының көшбасшысы «Leica» компаниясының соңғы буындағы тахеометрлері мен GPS құрылғылары сатып алынды.         Компания мамандары кафедра оқытушыларына арнайы оқыту жүргізіп жатыр. Бұл болашақта оқытушыларымыздың осы білім мен дағдыларды студенттерге үйретуіне жол ашады. Болашақ инженерлеріміз халықаралық стандарттарға сай ең заманауи жабдықтармен жұмыс істеуді меңгереді.

Біз сенеміз: технологияға салынған инвестиция – студенттеріміздің және көлік құрылысы саласының жарқын болашағына жасалған инвестиция!

Skip to content
Приемная комиссия