Select Page

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында ALT Университетінде студенттер арасында есірткіге байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы қатысып, студенттермен ашық форматта пікір алмасты. Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен оларды қолданудың құқықтық салдары, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы туралы кең көлемде ақпарат берілді. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

ALT Университеті студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және қауіпсіз, салауатты білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Skip to content
Приемная комиссия