Select Page

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні университет қабырғасында «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында студенттер Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері мен курсанттарымен жүздесті.

Кездесу барысында әкімшілік-құқықтық тәртіп, құқық бұзушылықтардан сақтану жолдары және қазіргі заманғы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибелі мамандардан нақты жауаптар алды.

Бұл шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамдағы заң мен тәртіпті қадірлеу рухын қалыптастыруға септігін тигізді.

Skip to content
Приемная комиссия