2025 жылғы 18 желтоқсанда ALT Университетінде «Заң мен тәртіп» іс-шарасы аясында әкімшілік-құқықтық тәртіп тақырыбы бойынша студенттермен ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері мен курсанттарының қатысуымен кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу болды.
Кездесу барысында академия өкілдері әкімшілік құқықтың негізгі қағидаттары, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтың салдары туралы жан-жақты ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Аталған кездесуге университеттің бірінші және екінші курс студенттері мен оқытушылары белсенді түрде қатысты. Атап айтқанда, «Language Education» кафедрасының оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты Смайлова Феруза Ибрагимовна, сениор-лектор Мадениет Нұргүл және сениор-лектор Сағырбаева Дина Ерлановна қатысты.
Кездесу студенттер үшін мазмұнды әрі танымдық сипатта өтіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды тәжірибе алмасу алаңына айналды.


