Select Page

2026 жылғы 19 қарашада ALT University-дің №4 Студенттер үйінде Президентіміздің «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға ALT University ОПП «Құқықтық тәртіп сақтау жасағы» мен Полиция департаментінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторлары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру.

Кездесу барысында полиция инспекторлары студенттерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген құқық бұзушылықтар мен олар үшін белгіленген жауапкершілік түрлерін түсіндірді. Атап айтқанда, жастарға қатысты құқықтық нормалар, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, заң талаптарын бұзудың салдары және құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен баяндалды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіз әрі қолайлы студенттік орта құруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі!

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия