Select Page

Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні университетімізде «Заң мен тәртіп: Қауіпсіз қоғам» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Шараның басты мақсаты — жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, киберқауіпсіздік мәселелерін түсіндіру және заң үстемдігін насихаттау болды.

Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Әмір Бауржанұлы, Алмалы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Ерназар Болатжанұлы Саймасай, сондай-ақ Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығы басшысының орынбасары Әл-Фараби Нұрбекұлы Болатжан қатысты.

Кездесу барысында спикерлер құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану, жеке деректерді қорғау және цифрлық сауаттылықты арттыру мәселелерін кеңінен талқылады. Әсіресе, киберқылмыстың түрлері мен одан қорғану жолдары туралы нақты мысалдар келтіріліп, студенттерге пайдалы кеңестер берілді.

Еркін форматта өткен сұхбат алаңында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзырлы орган өкілдерінен тұшымды жауап алды. Ашық диалог алаңы жастардың құқықтық жауапкершілігін нығайтып, қоғам алдындағы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.

Аталған кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі — 16-мақсатқа («Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар») сай келеді. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділдік қағидаттарын нығайту және қоғамдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру — ортақ міндет.

Skip to content
Приемная комиссия