2025 жылғы 11 желтоқсан күні «Заң мен тәртіп» акциясы аясында ALT Университетінің құқықтық тәртіп сақтау жасағының студенттерімен мазмұнды әрі тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонағы — «Экономикалық және әкімшілік құқықбұзушылықтарға қарсы күресте құқық қорғау органдарына қолдау көрсету және жәрдемдесу қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Петров Евгений Николаевич.
Іс-шара барысында қонақ қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтық жауапкершілік пен белсенді ұстаным қалыптастыру туралы ой қозғады.
Кездесу ашық форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын нығайтып, қоғамдағы тәртіп пен әділеттілікті сақтауға деген жауапкершілігін арттыра түсетіні сөзсіз.
ALT Университеті студенттердің құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған осындай маңызды бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.


