2026 жылдың 8 сәуір күні Түркістан қаласында республикалық «Ұлттық лига» 1/8 кезеңі өтті. Аталған додада ALT University Jaidarman клубының «ALT құрамасы» командасы университет намысын қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Сахна төрінде студенттер өздерінің тапқырлығы, жылдам ойлау қабілеті және шығармашылық әлеуеті арқылы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір қойылымда заманауи әзіл, ұлттық нақыш пен студенттік рух үйлесім тауып, команда көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Бұл жетістік — тек сахналық шеберліктің ғана емес, сонымен қатар бірлік пен командалық жұмыстың нәтижесі.


