«Жалпы инженерия» департаментінің оқу-әдістемелік отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы қаралды.
Отырыс барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жаңғыртуға, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге, білім беру сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған Жолдаудың негізгі ережелері талқыланды.
Отырысқа қатысушылар жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, инженерлік-техникалық кадрларды даярлау сапасын арттыру, заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, сондай-ақ білім, ғылым және өндіріс арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Департамент оқытушылары Президент айқындаған басым бағыттардың оқу-әдістемелік қызметті одан әрі жетілдірудегі өзектілігін атап өтті. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, білім алушылардың ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамыту және оқу пәндерінің практикалық бағыттылығын арттыру қажеттілігі ерекше атап көрсетілді.
Талқылау барысында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін, сыни ойлау қабілетін, цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың, сондай-ақ алған білімдерін заманауи инженерлік және технологиялық міндеттерді шешуде қолдана білу дағдыларын дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
Автор: Толеубай Гүлназ


