16 қыркүйекте «Жалпы инженерия» департаментінде қазақ халқының мәдениеті, тарихы мен дәстүрлеріне арналған Ұлттық күн өтті.
Іс-шара аясында қатысушылар мазмұнды мәдени бағдарлама дайындады. Бағдарлама барысында тақырыптық қойылым, қазақтың ұлттық биі және музыкалық өнер көрсетілді. Сонымен қатар қазақ даласының ұлы тұлғаларына арналған викторина ұйымдастырылып, қатысушылар тарихи тұлғалардың өмірі, қызметі мен мұрасы туралы білімдерін сынады.
Іс-шара жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, қатысушыларды Қазақстанның бай тарихы, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерімен жақынырақ таныстырды.
Ұлттық күнді өткізу — мәдени мұраға құрмет көрсетіп, туған өлкенің тарихына деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Автор: Толеубай Гүлназ


