Select Page

2025 жылдың 25 сәуірінде “Жалпы инженерия” кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын (ТМД) жүзеге асыру бағытында «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне – 80 жыл» тақырыбында студенттер арасында арнайы іс-шара өткізіді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру, тарихқа деген құрметін қалыптастыру және Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғындыру болды.

Шара барысында студенттер соғыс жылдары туралы баяндамалар жасап, ардагерлер ерлігіне арналған өлеңдер оқыды және көркем қойылымдар қойды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы викториналық сұрақтар арқылы білімдерін көрсетті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Студенттер белсенді қатысып, өздерінің тарихи санасы мен ұлттық рухының биік екенін көрсетті. Жеңіске арналған іс-шара жастардың патриоттық тәрбие алуына ықпал етіп, ата-бабалар ерлігіне тағзым етуге шақырды.

Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Skip to content
Приемная комиссия