2025 жылдың 29 қазан күні «Жалпы Инженерия» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлттың айнасы» атты танымдық-мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерінің тарихын, ерекшеліктерін таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және студенттердің отаншылдық сезімін арттыру болды. Шара барысында студенттер және қаонақтар қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен олардың мән-маңызы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар викториналық сұрақтар, билер және ұлттық әуендер орындалды. Іс-шара өте әсерлі өтті. Қатысушылар ұлттық киімнің халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін танытатын рухани қазына екенін ұғынды.


