«ҚТЖ» ҰК «АҚ қызметкерлерін тарту аясында» Логистика және көлік академиясы » ЖОО қабырғасында НЖС кадрлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алтынай Терликбаева бастаған «Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы» қызметкерлерінің қатысуымен онлайн кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді.
Кәсіби бағдар беруші ретінде «Логистика және көлік академияларының» ассистент-оқытушысы магистр Әбдібек Мирас Дәулетұлы сөз сөйледі, ол ЖОО түсу шарттарымен, жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен және «ҚТЖ»ҰК АҚ қызметкерлерінің балаларына арналған академиялық жеңілдіктер саясатымен таныстырып өтті. Сөз сөйлеу барысында М.Әбдібек теміржол көлігі үшін білім берудің негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. ЖЭС қызметкерлері диалогқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
Қонақ дәрісіне 30-дан астам адам, ЖЭС қызметкерлері, объектінің аға инженері, электромеханиктер, станция бастықтары қатысты.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында біздің академияға оқуға түсу және оқуды жалғастыру үшін негізгі түйінді мәселелер айтылды. Біздің Академия мен Жамбыл электр қуатымен жабдықтау дистанциясы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.