5 маусым 2025 жыл
М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті
Университет қабырғасында студенттерге арналған ерекше мотивациялық семинар-дәріс өтті. Спикер ретінде – табысты кәсіпкер, өндіруші, бизнес-коуч, халықаралық деңгейдегі шабыттандырушы тұлға Зарина Қабдығали шақырылды.
Зарина ханым жастармен шынайы әрі мотивацияға толы әңгіме өрбітіп, өзінің кәсіби және өмірлік жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Ол бизнесте табысқа жету жолдары, жеке бренд қалыптастыру, уақытты тиімді басқару, қаржылық тәуелсіздік және мақсат қою сияқты өзекті тақырыптарды қозғады.
Кездесу еркін форматта өтті – студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық жауап алды. Спикер өз тарапынан жастарды тыңдап, әрқайсысына қолдау білдіріп, нақты кеңестер айтты.
Бұл мотивациялық дәріс студенттерге өз-өзіне сенуге, ішкі әлеуетін ашуға, шабытпен жұмыс жасауға және өмірлік мақсаттарға жетуге бағыт берді.
«Жаңа деңгейге өту» – жай ғана кездесу емес, бұл болашақ көшбасшылардың ой-санасын өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан кеш болды!