Конституция – бұл, тек мемлекеттің ғана емес, әрқайсымыздың даму бағытымызды айқындайтын тірі механизм. Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы – адамды, оның құқықтары мен кәсіби дамуын ең жоғары құндылық деп танитын Әділетті Қазақстанның берік іргетасы.
Конституция, сапалы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығына кепілдік береді. Елдегі реформалар ғылымның дамуына серпін беруде. ALT Университетінде оқытушы-профессорлар құрамының зияткерлік әлеуетіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, көлік және логистика саласындағы білім беру процесіне озық технологиялар енгізілуде. Біз, өз кезегімізде, инклюзивті және заманауи білім беру ортасын қалыптастыра отырып, әрбір студент, магистрант және докторант үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеміз.
ALT Университет, аса көрнекті жолдар қатынасы инженері – құрылысшы және мемлекет қайраткері Мұхаметжан Тынышбаевтың есімімен аталады. Конституцияда ALT университетінің білім беру жұмысының негізін құрайтын тарихи естеліктер мен еңбектің маңыздылығы атап көрсетілген.
Мемлекеттік-құқықтық жүйенің жаңаруы, Орталық Азияның көлік және логистикалық хабтың дамуына қуатты серпін береді. Біздің түлектеріміз – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен экономикалық саясаты аясында ауқымды жобаларды жүзеге асыратын мамандар.


