Select Page

9 ақпан күні Әуезов ауданының Community Center алаңында еліміздің құқықтық болашағына арналған маңызды зияткерлік Meet-up өтті. Шара барысында Конституцияның жаңа жобасы жастардың көзқарасы тұрғысынан кеңінен талқыланды.

Іс-шараға университетіміздің Жастар саясаты кеңсесінің жетекшісі Ахатай Ырысбек, Студенттік Үкімет Президенті Ембергенова Сабина және белсенді студентіміз Рустембекова Дана қатысып, ел дамуына тікелей ықпал ететін негізгі өзгерістер бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өз ұсыныстарын еркін жеткізіп, сыни ойлау арқылы маңызды мәселелерді талқылады.

Meet-up мақсаты:

— Конституцияның жаңа жобасын жан-жақты талқылау;

— Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру;

— Құқықтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту;

— Жаңа технологиялар мен заманауи форматтар арқылы ашық пікір алмасу алаңын құру;

— Жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін күшейту.

Кездесу барысында жастар өз құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы рөлі, сондай-ақ демократиялық құндылықтардың маңызы туралы ой қозғап, Конституциядағы өзгерістердің күнделікті өмірге әсерін талқылады.

ALT Университеті — ойлайтын, талдайтын, пікірін ашық білдіретін және қоғам дамуына нақты үлес қоса алатын саналы жастарды тәрбиелейтін білім ордасы!

Skip to content
Приемная комиссия