Мухаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті делегациясы, Университеттің Құрылтайшысы Серикова Гульзана Бейбітқызы ханымның басшылығымен, Ресейдің ең ірі көлік компаниясы — РЖД-ның кадрларды даярлау және дамыту жүйесінің негізгі буыны болып табылатын Корпоративтік университетімен стратегиялық кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар кәсіби біліктілікті арттыру, көлік саласындағы цифрлық трансформация, жобалық оқыту және магистранттардың тағылымдамалары секілді бірқатар бірлескен бастамаларды талқылады. Киберқауіпсіздік, логистикадағы цифрландыру және деректермен жұмыс істеу бағытында оқу курстарын бірлесе әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Бұл серіктестік заманауи көлік саласының талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлкен мүмкіндік береді.