Select Page

Университетке Jusan Mobile компаниясының делегациясы арнайы сапармен келді. Кездесу барысында компания өкілдері университеттің қызметімен, білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысып, алдағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Қонақтарға университет кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар заманауи оқу аудиторияларын, ғылыми-зерттеу орталықтарын және мамандандырылған зертханаларды аралады. Jusan Mobile өкілдері университеттің материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағдарламаларымен және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларымен танысты.

Кездесу барысында тараптар серіктестік қатынастарды дамыту, білікті мамандар даярлау, студенттердің өндірістік тәжірибесі мен тағылымдамаларын ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша университет пен Jusan Mobile компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат білім беру мен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ студенттер мен жас мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Университет Jusan Mobile компаниясының өкілдеріне университет қызметіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта нәтижелі әрі ұзақ мерзімді серіктестікке сенім артады.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия