Select Page

2026 жылдың 12 ақпанында ALT University-ге танысу сапарымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің Төрағасы Гүлжан Сағидуллақызы Жарасова мен Комитеттің Төрағасының орынбасары Қарлыгаш Айтбайқызы Рамазанова келді.

Сапар барысында қонақтар университеттің білім беру, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымымен танысып, сондай-ақ жоғары білім беруді дамытудың және жаңа буынның инженерлік кадрларын даярлаудың стратегиялық бағыттарын талқылады.

Университетпен танысу барысында «Көлік инженериясы», «Ақылды Үй», «Робототехника және мехатроника», «HUAWEI AI Академиясы», «Intelligent Sensing Lab», Ұшқыштар мектебі, Coding Club, ALT University Технопаркі, Smart Roads орталығы (жол құрылысы мен сапаны бақылау), Smart Логистика оқу орталығы, «Лу Бань» шеберханасының аумағы көрсетілді.

Ерекше назар цифрлық технологиялар, автоматтандыру, транспорттық инженерия, энергетика және интеллектуалды басқару жүйелері бағыттарына аударылды.

ALT University Басқарма Төрағасы – Ректор Меруерт Советовна Жармагамбетова, Құрылтайшы Гүлзана Бейбитовна Серикова және университеттің  басшылық құрамасы қонақтарға оқу және ғылыми модельді және қазіргі жобалар мен даму басымдықтарын таныстырып өтті. Жасанды интеллект технологияларын енгізу, инженерлік құзыреттерді дамыту және дуалды оқыту туралы да айтылды.

Кездесу барысында білім беру бағдарламаларын цифрлық экономика талаптарына бейімдеу, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, транспорттық, энергетикалық және IT салаларына мамандар даярлау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және академиялық мобильділікті арттыру мәселелері талқыланды.

Гүлжан Жарасова университеттердің материалдық-техникалық базасын жаңарту мен білім беру бағдарламалары сапасын арттырудағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті, практикалық бағытталған мамандарды даярлау форматының маңыздылығын айтты.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар жоғары және кейінгі білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оқу процесін цифрландыру және ғылыми әлеуетті нығайту бағытында өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Skip to content
Приемная комиссия